80 жылдық мерейтойына байланысты бірінші халықаралық Жолдасбеков симпозиумы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
80 жылдық мерейтойына байланысты бірінші халықаралық Жолдасбеков симпозиумы өтті

80 жылдық мерейтойына байланысты бірінші халықаралық Жолдасбеков симпозиумы өтті

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде көрнекті ғалым, ғылым мен білімнің ұйымдастырушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, сенатор Қазақстандағы роботтар механикасы,

  • 1 Наурыз 2011
  • 816
Фото - Caravan.kz

механизмдер және машиналар теориясы мектебінің негізін қалаушы, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің 80 жылдық мерейтойына байланысты бірінші халықаралық Жолдасбеков симпозиумы басталды.

Халықаралық жиында арнайы даярланған деректі фильм көрсетілді. Симпозиум барысында Ө.Жолдасбековтың ғылыми еңбектер жинағы мен таңдамалы шығармаларының көрмесі өтті. Арнайы мерейтой қарсаңында ҚазҰУ-дың физика факультетінің жаңа ғимараты және филология факультетінде Өмірбек Жолдасбековтің жұбайы, филология ғылымдарының докторы, Жоғары мектеп академигі, профессор Мая Багісбаева атындағы аудиторияның ашылуы болды.

Симпозиумның ғылыми-тәжірибелік бөліміндегі пленарлық-секциялық отырыста теориялық және қолданбалы механика, қолданбалы есеп, міндетті математикалық модель, Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуындағы машина жасаудың негізгі ғылыми технологиялары қарастырылды.

Сондай-ақ шара барысында механика аумағындағы халықаралық байланыс, магистранттар мен PhD-докторанттар даярлауға ерекше назар аударылды. ҚазҰУ мен «Дарын» республикалық ғылыми жоба орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасында математика және механика бойынша республикалық ғылыми жоба байқауы өткізілді. Сонымен қатар Ресей, Германия, Италиядан келген оқытушылар Қазақстанның жас ғалымдары мен студенттеріне арнайы лидерлік дәрістерін өткізуде.

Перейти к новостям спорта