«Кез келген талғамға сай Венгрия» тақырыбында бірқатар мәдени іс-шаралар өтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Кез келген талғамға сай Венгрия» тақырыбында бірқатар мәдени іс-шаралар өтпек

«Кез келген талғамға сай Венгрия» тақырыбында бірқатар мәдени іс-шаралар өтпек

Кез келген талғамға сай Венгрия» тақырыбында бірқатар мәдени іс-шаралар өтпек. Бұл жайлы бүгін Алматыдағы баспасөз конференциясында айтылды.

  • 1 Наурыз 2011
  • 566
Фото - Caravan.kz

Ол биылғы жылдың бірінші жартысынан бастап Венгрияның Еуроодақта төрағалық міндетін атқаруына орай ұйымдастырылып отыр, дейді Венгрия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Силард Телеки. «Кез келген талғамға сай Венгрия» іс-шаралар топтамасы аясында мына шаралар жүзеге асырылады:

«Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясындағы Ференц Лист концерті». Биылғы жылы ұлы венгр композиторы Ференц Листің 200 жылдық мерейтойы тойлануда. Соған орай ЮНЕСКО 2011 жылды Листің Халықаралық жылы деп жариялады. Аталған мерейтойды тойлау шеңберінде Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларында Лист шығармаларын орындаушы белгілі венгр пианисі Дердь Оравец өнер көрсетпек. Ол 2 наурыз күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен концертін өткізеді. Ал, 3 наурызда осы филармонияда маэстроның жеке концерті болмақ. Сондай-ақ, концерттің өткізілуі кезінде «Венгрияға көзқарас» және «Венгр және еуропалық Ференц Лист» атты көрме өтеді.

«Венгр фильмдерінің фестивалі». Бұл тақырыпта наурыз айының 25-27 күндері аралығында венгр фильмдері фестивалі шеңберінде венгр кинокөрермендерінің жүректерін жаулап алған романтикалық комедиялар көрсетіледі. Фестиваль Олег Борецкий киноклубының қолдауымен «Цезарь» кинотеатрында өткізіледі.

«Туристік симпозиум». Бұл кезекте осы жылы өтетін түрлі туристік және мәдени бағдарламалар мен іс-шаралар жөніндегі ақпарат ұсынылады. Бұл симпозиум 19 сәуір күні Қазақстан туристік қауымдастығымен бірлесе отырып өткізіледі.

«Ғылыми конференциялар». Наурыз айының 17 күні Қазақстан ұлттық мұражайында «Антропология, археология және тарих салалары шеңберіндегі Венгрия-Қазақстан әріптестігі» атты семинары өтеді. Сондай-ақ, аталған іс-шара кезінде мұражайда көрмелер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, 2010 жылдың 6-8 тамызында Венгриядағы Бугац жерінде өткен ең ауқымды Құрылтай жөніндегі деректі фильм көрсетілімі ұйымдастырылатын болады. Аталған іс-шара бағдарламасы барысында жиналған қауым алдында Мәндок Қоңыр атындағы жалпы білім беретін № 150 мектебінің би ансамблі өнер көрсетіп, қонақтарды венгр және қазақ фольклор билерімен таныстырады.

2008 жылы Венгрия және Қазақстан үкіметтері экономикалық әріптестік жөніндегі келісімшартқа қол қойған. Екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту және тереңдету мақсатында келісімшарт аясында тұрақты түрде бизнес форумдар өткізу қарастырылған. Аталмыш кездесу осы жолы Алматы қаласында өткізіледі деп жоспарлануда.

Перейти к новостям спорта