Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория өнерпаздарының өңірлерге гастрөлдік сапарлары басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория өнерпаздарының өңірлерге гастрөлдік сапарлары басталады

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория өнерпаздарының өңірлерге гастрөлдік сапарлары басталады

9-20 наурыз аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы мен солистері Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларында концерт береді.

  • 3 Наурыз 2011
  • 1601
Фото - Caravan.kz

Гастролдік сапарлар Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған.

Аталмыш шара Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстық әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылуда. Концерттің бағдарламасы әр түрлі жанрда болмақ. Бағдарламаға классикалық туындылардан бастап, джаз шығармалары, ұлттық әндер мен күйлер енген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерт қазақ ұлттық музыкасын сүюшілерге қызықты болмақ.

Облыс орталықтарының тұрғындарына студенттік симфониялық оркестрі, домбырашылар ансамблі, камералық оркестр, сонымен қатар, «Бабалар сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, консерваторияның жас талантты студенттері мен магистранттары, халықаралық байқаулардың лауреаттары, әншілер мен бишілер, домбыра, қобыз, баян, скрипка және тағы да басқа аспаптарда шебер орындаушылар өз өнерлерін көрсетпек. Сондай-ақ, онда консерваторияның ректоры, ҚР халық әртісі Жания Аубакирова өнер көрсетеді.

Консерваторияның музыканттары бірінші рет үлкен көлемді қатысушылар мен өкілдер санымен еліміздің оңтүстік аймағына бармақ.

Шымкент қаласындағы концерт 10-11 наурыз аралығында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өтеді. 14-15 наурыз күні консерваторияның өнерпаздары Тараз қаласындағы Баласағұн атындағы Орталық концерт залында өнер көрсетеді. Ал, Қызылорда қаласындағы концерттер 17-18 наурыз аралығында Н.Бекежанов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында өтеді.

Перейти к новостям спорта