Бұл ақпаратты аталған орталықтық баспасөз қызметі таратып отыр.
Іс-шара Астана қаласы мектептерінің дарынды оқушыларының қатысуымен өтеді. Шараға VII қысқы Азиада ойындарының ашылу салтанатында Ұлықбек Есдәулеттің «Көк байрақ» әнін орындаған ағайынды Мизамдар қатысады. «Шаттық-2011» фестивалінің дипломанты Оразымбетова Арайлым — Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек» әнін, «Шаттық-2010» фестивалінің, қалалық «Күмбірлеген домбыра үні» байқауының жеңімпазы, «Шаттық-2009» фестивалінің алтын медаль иегері, халықаралық «Ақ көгершін» байқауының дипломанты Қасымбек Нұрдәулет — Есбайдың «Терісқақпай» күйін, «Шаттық-2011» фестивалінің дипломанты Ермекбаева Мадина «Астана» әнін орындайды. Сондай-ақ оқушылар қазақтың ұлттық биін билеп, әнін шырқап, ана тақырыбында өлеңдер оқиды.