Астанада Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт өтті

Астанада Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт өтті

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Конгресс-Холлда 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған мерекелік концерттік бағдарлама болып өтті.

  • 4 Наурыз 2011
  • 905
Фото - Caravan.kz

Аталмыш мерекелік концерт салтанатты түрде әйелдердің қоғамдағы айрықша орнын, отбасындағы маңызын және барлық салалардағы белсенді қызметін жан-жақты айғақтайтын тақырыптарды арқау еткен мағыналы мәнімен ерекшеленді.

Концерт барысында әйелді ана ретінде асқақтатқан әсерлі өлеңдер оқылып, көркем көріністерден «Әйел-Ана» образы жасалды. Еліміздің белгілі әншілерінің орындауындағы ана тақырыбындағы әсем ән әуендері нәзік жанды аруларды айрықша тебіреністі күйге бөледі.

Әзіл-оспақпен және қалжыңмен көмкерілген қойылымдар арқылы да әйелдер өмірінің шынайы бейнесі жасалып, әйел затының аяулы ана, адал жар, жауапты қызметкер әрі лауазымды басшы ретіндегі айрықша рөлі көрсетілді.

Аталмыш шара қоғамның әйелдерге деген айрықша құрметін айғақтайтын салтанатты игі бастама болды.

Шара барысында әйелдер қауымына гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Перейти к новостям спорта