Оралда Қадыр Мырза Әліні еске алуға арналған шара өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда Қадыр Мырза Әліні еске алуға арналған шара өткізілді

Оралда Қадыр Мырза Әліні еске алуға арналған шара өткізілді

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әлінің дүниеден өткеніне қырық күн толуына орай 3 наурызда М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақ жырының Қадыры» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді.

  • 4 Наурыз 2011
  • 604
Фото - Caravan.kz

Кешті университет ректоры, академик Тұяқбай Рысбеков сөз сөйлеп ашып, ақынның өмірі мен еңбек жолына тоқталды. Қадыр ақын 2003-2007 жылдары аталмыш университетте жиі болып, студенттер алдында дәріс те оқыды. Сол еңбегі үшін оған университеттің құрметті профессоры атағы берілді.

Белгілі қаламгер Қайрат Жұмағалиев, журналист Базарғали Қуатов замандас ағасы туралы естеліктерін айтса, ақын Ғайсағали Сейтақ өлеңін оқып берді.

Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырханов қатысқан кешті әдебиетші-ғалым Серікқали Шарабасов қорытындылап, Қадыр Мырза Әліге арналған мұндай шаралардың жалғаса беретіндігін айтты.

Перейти к новостям спорта