Астанада А.Аданның «Жизель» балеті қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада А.Аданның «Жизель» балеті қойылады

Астанада А.Аданның «Жизель» балеті қойылады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астанада Адольф Аданның «Жизель» балеті қойылады.

  • 4 Наурыз 2011
  • 702
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Байланыс және ақпарат министрлігінен хабарлады.

Спектакль ҚР Мәдениет министрлігінің, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры мен «Қазақ әуендері» АҚ-ның ұйымдастыруымен қойлады.

«Жизель» балетін Астанада санкт-петерборлық хореограф, Мариинский театрының балетмейстері Сергей Вихарев қояды. Басты партияларда Париждегі Гранд операның жетекші солистері Мелани Юрэль (Жизель) мен Карл Пакетт (Альберт) ойнайды. Спектакльге сондай-ақ, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының балет труппасы мен симфониялық оркестрі қатысады. Дирижжері — Айдар Абжаханов.

Еске салайық, «Жизель» балетінің алғашқы қойылымы 1841 жылы 28 маусымда Гранд операның сахнасында өткен болатын.

Спектакль 5 наурыз күні Бейбітшілік және келісім сарайында болады.

Перейти к новостям спорта