Қазақстан халқының рухани даму қорының президенті Алмаз Нұразханның айтуынша, көрмеде 200-ге жуық фотосурет көпшіліктің назарына ұсынылып отыр. Атап айтқанда, онда 8 фотосуретшінің үздік еңбектері қойылды. «Бүгін Астанадағы жұртшылыққа таныстырылғаннан кейін фотосуреттер көрмесі жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерін аралап шығады»,-деді қор басшысы.
Айта кетейік, көрме «Елін сүйген Елбасы», «Ұлттың ұлы мәдениеті», «Жаңарған, жаңғырған Қазақстан», «Жер-жаһан жанарындағы Қазақстан», «Қазақстанның таңғажайып табиғаты» атты тақырыптарды қамтып отыр.