Президент Н.Назарбаев Астанада қойылған А.Аданның «Жизель» балетін тамашалады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Н.Назарбаев Астанада қойылған А.Аданның «Жизель» балетін тамашалады

Президент Н.Назарбаев Астанада қойылған А.Аданның «Жизель» балетін тамашалады

Бүгін Президент Н.Назарбаев Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Адольф Аданның «Жизель» балетін тамашалады.

  • 5 Наурыз 2011
  • 620
Фото - Caravan.kz

Спектакльді санкт-петерборлық хореограф, Мариинский театрының балетмейстері Сергей Вихарев қойды. Басты партияларда Париждегі Гранд операның жетекші солистері Мелани Юрэль (Жизель) мен Карл Пакетт (Альберт) ойнады. Қойылымға сондай-ақ, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының балет труппасы мен симфониялық оркестрі қатысты. Дирижжерлік еткен — Айдар Абжаханов.

Айта кетейік, Гранд операда 1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 36 жастағы М.Юрэль «Сильфида», «Баядерка», «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик» және тағы да басқа классикалық спектакльдерде ойнайды.

Ал 37 жастағы К.Пакетт Гранд опера би академиясына 11 жасында оқуға түсіп, 17 жасында аталмыш балет труппасына қабылданды. Оның репертуарында М.Петиптің «Корсар», «Щелкунчик», М.Фокиннің «Петрушка», Л.Ефимовтың «Раймонда», П.Лакоттаның «Пахита», Дж.Ноймайердің «Жазғы түндегі түс», Р.Петидің «Париж Құдай ана шіркеуі», М.Бежардың «Болеро» және басқа да классикалық спектакльдерде басты партиялар бар.

Спектакль ҚР Мәдениет министрлігінің, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының, «Қазақ әуендері» АҚ-ның ұйытқы болуымен қойылды.

Перейти к новостям спорта