Алматыда Жапон мәдениеті күні өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Жапон мәдениеті күні өтеді

Алматыда Жапон мәдениеті күні өтеді

Наурыздың 13-інде Алматыда жапон мәдениеті күндері өтеді.

  • 11 Наурыз 2011
  • 1217
Фото - Caravan.kz

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шара барысында алматылықтар мен қала қонақтары Жапония өнері, мәдениеті, спорты, биі, асханасымен және жапон технологияларымен таныса алады.

Ақпарға сүйенсек, бағдарламаға жапонның тайко дауылпаздарында ойналатын ойын, «Есако Соран» биі мен кандо, кайдо, каратэ сынды спорт түрлерінен көрсетілімдер енгізілген.
Сонымен қатар, мәдениет күніне келушілер экибана, каллиграфия мен жапон тағамдарын әзірлеуден шеберлік кластарына қатыса алады.
Шараға жапон компанияларының өкілдері де қатысады.
Жапон мәдениеті күні Қазақстандағы Жапония елшілігі мен Қазақ-жапон орталығы, Алматы қаласы әкімдігі және Оқушылар сарайы әкімшілігі ұйымдастырып отыр.

Перейти к новостям спорта