Елордада күйші Жанғали Жүзбаевтың «Қазақтың шертпе күйлері» деген шығармашылық кеші өтті Елордада күйші Жанғали Жүзбаевтың «Қазақтың шертпе күйлері» деген шығармашылық кеші өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада күйші Жанғали Жүзбаевтың «Қазақтың шертпе күйлері» деген шығармашылық кеші өтті

Елордада күйші Жанғали Жүзбаевтың «Қазақтың шертпе күйлері» деген шығармашылық кеші өтті

Елордада күйші Жанғали Жүзбаевтың «Қазақтың шертпе күйлері» деген шығармашылық кеші өтті Елордада күйші Жанғали Жүзбаевтың «Қазақтың шертпе күйлері» деген шығармашылық кеші өтті

Бүгін елордадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығының концерт залында Қазақстанның мәдениет қайраткері, белгілі күйші Жанғали Жүзбаевтың елу жасқа толуына арналған «Қазақтың шертпе күйлері» атты шығармашылық кеші өтті.

  • 12 Наурыз 2011
  • 1100
Фото - Caravan.kz

Дәулескер күйші Жан­ғали Жүзбаев — бүгінде Астана ұлттық өнер академиясының домбыра кафедрасында ұстаздық етеді. Қаратаудың киелі күйшілік мектебінің бірден-бір мұрагері өзі білетін дүние­лерін, дарын­дардың қолтаңбасын, шеберлік қағидаларын ізін қуған жас буынға үйретуде. Соңғы жылдары ол қазақ күй өнерін тың бағытпен зерттеуге ден қойып келеді. «Қазақтың шертпе күй­лері», «Шертпе күйдің төрт мекте­бі» атты зерттеу ең­бектерін және «Ұстаздың пе­да­гогикалық репер­туары» атты колледжге арналған әдістемелік нота кітабын жарыққа шығарды. Қазақ күйлерінің «Мәңгілік сарын», «Қазақтың мың күйі» ан­тологияларына Қыздарбек, Сембек, Итаяқ, Бегімсал, Дәулетбек сияқты халық композиторлары күй­лерінің сирек орындалатын нұс­қаларын жаздырды. Сондай-ақ Жанғали бұл күнде Сүгір күйлерін түпнұсқада тартатын шебер күйші.

«Шертпе күйді өлтірмейтін, өзінен кейін шәкірттеріне жалғастырып беретін, үзбейтін ең атақты күйші, қазақтың маңдайына біткен сыйы- Жанғали Жүзбаев. Мен Жанғали күй тартқанын көргенде, Сүгірді көргендей боламын, Төлегенді көргендей боламын. Мен байқайтын едім, Сүгір де, Төлеген де кеудесімен тартатын еді. Домбыраны қолымен шертеді, кеудесімен сөйлеуші еді. Жанғали осындай құдыретті күйші»,-дейді көзкөрген қайраткер, ҚР Президенттік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков.

Кеш барысында Жанғали Жүзбаевтың орындауында Тәттімбеттің күйі — «Бестөре», Әшімтайдың күйі — «Қоңырқаз», Төлеген Момбековтың күйі — «Асу», Мырзатай Жолдасбековтың күйі — «Қосбасар», сондай-ақ Таласбек Әсемқұловтың орындауында Тәттімбеттің күйі — «Алшағыр-Шаған», Тұрар Әліпбаевтың орындауында Қазанғаптың күйі — «Көкіл», Батырлан Әбеновтың орындауында Нұрғиса Тілендиевтің күйі «Аққу», Ақбота Тұрымбетованың орындауында Жанғали Жүзбаевтың — «Мырзатай» және тағы да басқа күйлер орындалды.

Перейти к новостям спорта