Әртістер бұл шараны ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнады.
Классикалық музыка әуесқойларының алдында симфониялық оркестр, камералық оркестр, домбырашылар ансамблі, «Бабалар сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі және жеке орындаушылар — Қазақстанның халық әртісі, консерватория ректоры Жәния Әубәкірова (фортепиано), студенттер мен магистранттар, халықаралық конкурстардың лауреаттары өнер көрсетті.
«Концерттік бағдарламаға батысеуропалық классиканың үздік үлгілері, сондай-ақ қазақтың халық әуендері енгізіліп отыр», — деді Жәния Әубәкірова.
Шымкенттен кейін музыканттар Таразда және Қызылордада өнер көрсетуді жоспарлап отыр.