Венгрия тамырын Орталық Азиядан алатын Еуропадағы бірден бір ел - Андраш Биро - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Венгрия тамырын Орталық Азиядан алатын Еуропадағы бірден бір ел - Андраш Биро

Венгрия тамырын Орталық Азиядан алатын Еуропадағы бірден бір ел - Андраш Биро

Бұл туралы бүгін Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұражайында наурыздың 18 ашылатын Бабалар жолы - «Тұран ұрпақтары» атты фотокөрмеге арналған баспасөз мәслихатында антропология және биология бойынша венгр профессоры Андраш Биро айтты.

  • 14 Наурыз 2011
  • 496
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, венгрлерді өздерінің шыққан ата-тегі қатты қызықтырады. «Бәріне белгілі болғандай, венгрлер Азия елінен келген. Бірақ, ғалымдар арасында олардың дәл қай аймақта ғұмыр кешкендері жайлы дау әлі басылар емес. Барлық көшпенді халықтың қай аймақта өмір сүргені жайлы тура айту мүмкін емес. Осы мәселені шешуге біз тек антрополог, генетиктерді ғана емес, сондай-ақ, филология саласын да шақырамыз. Егер біз жұмысымызға арқау ретінде археология және генетика зерттеулерін алсақ, онда венгр халқының тамыры Орталық Азиядан бастау алады деп дәл айта аламыз», — дейді А.Биро.

Сонымен қатар, аталмыш жиында 2010 жылы Венгриядағы Бугац жерінде өткен кең ауқымды Құрылтай мәселесі де әңгіме етілді. «Өткен құрылтай көшпенді өмір сүрген барлық түркі халқына арналды. Бұл құрылтайға ең көп қазақ делегеаттары қатысты. Бірде бір құрылтайда әлі осынша қазақ өкілдері болған емес. Онда 14 елдің өкілдерінен 140 мың адам қатысты. 2012 жылы кезекті Құрылтай өткізуді жоспарлап отырмыз. Құрылтай — әр түрлі ұлттар арасындағы тұрмыс-салт дәстүрлерін қолдаудағы ең ауқымды шара болып табылады» — дейді А.Биро.

Перейти к новостям спорта