Академик С. Сатыбалдиннің ағылшын тіліндегі монографиясының тұсаукесері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Академик С. Сатыбалдиннің ағылшын тіліндегі монографиясының тұсаукесері өтті

Академик С. Сатыбалдиннің ағылшын тіліндегі монографиясының тұсаукесері өтті

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сағындық Сатыбалдиннің ағылшын тіліндегі монографиясының тұсаукесері өтті.

  • 16 Наурыз 2011
  • 562
Фото - Caravan.kz

Ғылыми еңбек кемел көшбасшы, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналды.

Аталмыш еңбек автордың «Экономика және өмір» топтамасының қорытынды үшінші томы. Бұған дейін қазақ тілінде жарық көрген «Қазақстан ғасырлар асуында» деген атпен жарияланған бұл еңбек жаңа деректермен толықтырылып, байытылып 2010 жылы Қарағанды қаласында ағылшын тілінде «Economy of Kazakhstan at century Junction» атты монография болып шықты.

Автордың айтуынша, кітап КСРО-ның соңғы 50 жыл ішіндегі экономикасы және Қазақстан Республикасының 19 жылдағы экономикасының қалыптасуын қамтиды. Бұл монографияда Республиканың Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ғылыми негізделген реформаларының дұрыстығы және жемістілігі дәлелденген.

Кітап үш тараудан тұрады. Олар — «Қазақстан бүгін», «Қазақстан кеше», «Қазақстан ертең» деп аталады.

Перейти к новостям спорта