«Шай. Кофе. Какао-2011» көрмесі шай, кофе, какао, кофе қайнату құрылғылары, ыдыс-аяқтар мен құрамында кофе, шоколад бар космектикалық заттар жабдықтаушыларын біріктірген алғашқы мамандандырылған көрме болып табылады.
Наурызға орайластырыла өткізіліп жатқан шараға ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен «CCI Expo» ЖШС жетекшілік етті.
Шара шеңберінде кондитерлік тағамдар көрмесі, тақырыптық дөңгелек үстелдер, шай, кофе, какао дегустациясы өтіп жатыр. Сонымен қатар бүгін «Барист сайысы» атты кофе әзірлеу шеберлері арасында жарыс ұйымдастырылмақ.
«Бүгінгі халықаралық көрме дәстүрлі шараға айналып, болашақта дүниежүзілік шай-кофе фестивалін Қазақстанда ұйымдастыруға жол ашатын игі бастамаға айналсын», — деді шараның ашылу салтанатында кіріспе сөз сөйлеген Астана қаласы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының бастығы Рыскүл Қауғабаева.
Бүгінгі көрмеге елімізбен қатар Әзірбайжан, Индонезия, Үндістан, Грузия және Ресей елдерінің өкілдері қатысуда.