Көрермендермен болған кездесуде айтылғандай, картинаны «Қазақфильм» АҚ-ы мен «Изарус-фильм» кинокомпаниясы түсірген. Идея авторы — Асанәлі Әшімовтың өзі, ал оның режиссері Қуат Ахметов. Фильм Қазақстан, Ресей және Таиландта түсірілген.
А.Әшімовтың пікірінше, қазақстандық кино бүгінде өркендеп келеді. «Бірақ бұл индустрия үлкен қаржыны және көрермендер тарапынан үлкен қолдауды қажет етеді», дейді актер.
Актер сондай-ақ қостанайлық екі театрдың әртістерімен де кездесті.