Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен өткен шараға жастар өте көп жиналды. Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары мен отандық жас өнерпаздар өнер көрсетіп, барша қауымды Наурыз мерекесімен құттықтады.
«Наурыз түркі халықтарының ежелден келе жатқан ортақ мейрамы. Мерекенің мәні мен маңызы зор. Ұлыстың ұлы күні барша жұртшылықты бір-бірімен татуластыратын, жақындастыратын күн болып табылады», — деп атап өтті шараның ұйымдастырушылары.