Наурыз мейрамына орай тасқалалық әнші-бишілер Саратовта өнер көрсетіп қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыз мейрамына орай тасқалалық әнші-бишілер Саратовта өнер көрсетіп қайтты

Наурыз мейрамына орай тасқалалық әнші-бишілер Саратовта өнер көрсетіп қайтты

Наурыз мейрамын тасқалалықтар тек өз ауданында тойлап қана қоймай, әнші-бишілер Саратов қаласында өнер көрсетіп қайтты.

  • 25 Наурыз 2011
  • 541
Фото - Caravan.kz

Сарытаудағы қандастарымыздың шақыруымен сапар шеккен тасқалалық әншілер Тимур Тапалов пен Хайретдин Сұлтангереевтер «Дедімай-ау», «Құралай», «Ой, көк» сияқты халық әндерін тарту етті. Сарытаулық ағайындар халық әніне сусап қалған екен, жақсы қабылдады. «Айкөркем» бишілер тобының өнері де көпшілік көңілінен шықты. Олардың «Шашу» биі мерекелік бағдарламаның беташары болыпты.

-Сарытаулықтар бізді шекарадан бастап жақсы қарсы алды. Жол полициясы бастап жүрді. «Қазақстандық қонақтарға жол беріңдер!» деп көшедегі көлік қозғалысын тоқтатып та қойды. Ондағы қандастарымыз салт-дәстүрімізді жақсы біледі екен. Танымайтын адамдар болған соң, сәлемдесіп қана қойғанбыз. «Әу, көріспеймісіңдер?» деп, өздері бастап, қол алысып, көрісіп жатты. Қала әдемі екен. Тарихи орындарға бай. Біздің ұлттық киімдеріміз өте әдемі болды. Ауданнан барып тұрған біздің сахналық киімдеріміздің үлкен қала өнерпаздарының киімдерінен де керемет болғанына көңіліміз марқайып қалды, — дейді «Айкөркем» тобының бишісі Әйгерім Сәрсенова.

Перейти к новостям спорта