Астанада «Жұлдыздарға жол тарту» көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Жұлдыздарға жол тарту» көрмесі ашылды

Астанада «Жұлдыздарға жол тарту» көрмесі ашылды

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында адамзат баласының ғарышқа алғаш рет сапар шегуіне 50 жыл толуына орайластырылған «Жұлдыздарға жол тарту» көрмесінің салтанатты ашылуы болып өтті.

  • 25 Наурыз 2011
  • 678
Фото - Caravan.kz

Елімізде өтіп жатқан «Жұлдыздарға жол тарту» көрмесі адамзаттың ғарышқа самғауына 50 жыл толуы аясында өткізілетін «Жұлдызды одиссея» атты әлемдік мерейтойлық шаралар кешенінің алғашқы ашылуы болып отыр.

Шараның ашылу салтанатына қазақ елінің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров және Ресей ғарышкері Юрий Маленченко қатысты.

Көрмеге әлемдік және кеңестік ғарыштың дамуына Қазақстанның қосқан үлесін айғақтайтын мұрағаттық материалдар мен Ю. Гагарин, Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаевтың жеке мұрағаты қорынан алынған жәдігерлер, құжаттар қойылған.

Сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағының тарихи маңызымен таныстыратын деректі материалдар, ғарышкерлердің киімдері мен ғарышта тұтынатын азық-түлік заттары және Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының тарихи-өлкетану мұражайының мұрағаттары жұртшылық назарына паш етілді.

«Адамның ғарышқа алғаш рет сапар шегуіне 50 жыл толуы — адамзат баласының даму тарихындағы айтулы оқиға. Бұл оқиға қазақ даласымен, Байқоңырмен байланысты. Ғарышты алғаш игеру қазақ даласынан бастау алды, ғарышқа табан тіреген бірінші тұлға да көне сақ даласынан самғап ұшты, сондықтан бұл айтулы оқиғада барлық қазақстандықтардың үлесі бар», — деді шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген Тоқтар Әубәкіров.

«Жұлдыздарға жол тарту» көрмесі 20 сәуірге дейін жалғаспақ.

Перейти к новостям спорта