Батысқазақстандық «Балауса» бишілер тобы халықаралық конкурста бірінші орынды иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық «Балауса» бишілер тобы халықаралық конкурста бірінші орынды иеленді

Батысқазақстандық «Балауса» бишілер тобы халықаралық конкурста бірінші орынды иеленді

Астана қаласында өткен халықаралық балалар шығармашылығы конкурсында Ақжайық аудандық балалар шығармашылығы орталығының «Балауса» бишілер тобы бірінші орынды иеленді.

  • 30 Наурыз 2011
  • 781
Фото - Caravan.kz

Аудандық «Жайық таңы» газетінің бас редакторы Болат Есқалиевтің хабарлағанындай, осымен бесінші рет ұйымдастырылған өнер додасына Өзбекстан пен өз еліміз облыстарынан 36 би ұжымы қатысқан.

Жалпы құрамында 40 шәкірт бар аталмыш ұжымның құрылғанына биыл 5 жыл толады. «Балауса» осыған дейін аудандағы үлкен шараларды айтпағанда, Ұлттық дельфийлік ойындардың облыстық кезеңінде, Қазақстан халқы достығының облыс фестивалінде толымды табыстарға қол жеткізді. О баста «балаусалықтарды» тылсым да сұлу би әлеміне оқытып-үйретудің негізін хореограф Ақмарал Бекетаева қаласа, соңғы кезде онымен бірге би жетекшілігінде Айдана Жүсіпқалиева да еңбек етуде. Астана сахнасына Гүлден Тәпенова, Маржан Ермек, Анар Ибатова (Абай атындағы мектеп-гимназия), Арайлым Әміржанова, Салтанат Өтеміс, Нұрлы Мәжит, Аякөз Темірғалиева, Данара Ғайнуллина, Шолпан Елекенова, Айдана Калелова, Асылгүл Ермек, Ақбидай Сисекешова, Камила Сапартаева (№1 орта мектеп) әйгілі «Қамажаймен» бірге қазіргі заман биі «Модернді», халық биі «Хорезмді» ұсынды.

Ауданда «Балауса» би тобының қанаты қатая түсуіне барлық жағдай жасалуда. Биылдың өзінде бір миллион теңгеден астам қаржы сахналық костюмдер тіктіруге бөлінді.

Перейти к новостям спорта