Кешке аталмыш оқу орынның студенттері, оқытушылар қауымы мен елімізге танымал ақын, жазушылар, әнші, композиторлар қатысты.
Оқу орынның студенттері ақын өлеңіне жазылған әндерді шырқап, ақиық ақынға арналған арнау өлеңдерін оқыды. Кеште сонымен қатар, халық әндері шырқалып, күй, термелер орындалды.
«Шын асылды тот баспайды. Бүгінгі таңда Мұқағали өлеңдерін кәрі де, жаста сүйсіне тыңдайды. Ақын сөзінің жүрекке жетпейтіні жоқ…. Халық Мұқағалиды неге іздейді? Ақын өлеңдерінде қандай құдірет бар? Бүгін сіздер көкейдегі осындай көп сұрақтың жауабын осы кештен таба аласыздар»,-деді кештің ашылу салтанатында қазақ және орыс тілдер кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты доцент Динаш Атамқұлкызы. Оның пікірінше, ақын туындылары егемен еліміздің еркін аспан, азат дала, асқар тауында қырандай самғап, рухани керуеннің көшбасында келеді.
Кеш қонағы белгілі ақын Оразақын Асқардың пікірінше, «Мұқағалидай перзенті бар қазақ халқы — шынымен де бақытты халық».
«Мұқағали — ғажайып ақын, сыршыл, гуманист ақын. Ол ХХ ғасырда тұрып, ХХІ ғасырдың келбетін дәл болжап, дәл тани алды. Ақын ар- намысты бәрінен де биік қойды», -деді Журналистер одағының мүшесі, ақын Айтақын Әбдіхалық.