Павлодарлық жас музыканттар Алматыда өткен фестиваль-конкурста сәтті өнер көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық жас музыканттар Алматыда өткен фестиваль-конкурста сәтті өнер көрсетті

Павлодарлық жас музыканттар Алматыда өткен фестиваль-конкурста сәтті өнер көрсетті

Павлодарлық жас музыканттар 30 наурызда Алматыда аяқталған жас музыканттардың 45-ші республикалық фестиваль-конкурсында 12 жүлделі орын алып қайтты,

  • 1 Сәуiр 2011
  • 572
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады білім бөлімінен.

Балалар өз өнерлерін ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнады.

Валторнада ойнаудың үздік техникасын паш еткен Расул Нұртазин конкурс жеңімпазы атанса, Ярослав Кучерявых үздік виолончелист деп танылды, скрипкашы Мадина Адамова мен соқпалы аспапта орындаушы Давид Владовский тамаша өнер көрсетті.

Яна Касьян жетекшілік ететін үш музыкант пен скрипкашылар ансамблінің шеберлігі «күміс» жүлдемен атап өтілсе, екі жас трубач, флейташы және скрипкашы музыканттар үшінші орынды қанағат тұтты.

«Жас музыкант» конкурсы жас музыканттардың, педагогтар мен ата-аналардың арасында кең танымал музыкалық конкурстың бірегейі. Халық аспаптары, фортепиано және хор ұжымдары, ішекті және үрмелі аспаптар сияқты санаттар бойынша жеке-жеке үш жыл сайын кезекпен өткізілетін конкурс осымен қырық бес жыл бой жалғасып келеді.

Республикалық конкурстың басты мақсаты — балалар арасында музыкалық өнерді, қазақ халқының муыкалық өнерін және кәсіби музыканы, классикалық музыканы насихаттау; озық педагогикалық тәжірибені меңгеру, өзінің дербестігімен және шығармашылық бастамаларымен көзге түскен, көркемөнер және орындаушылық дағдылардың кәсіби шеберліктерін жоғары дәрежеде игерген, өнерге қанат қаққан талай балауса таланттардан дара тұрған шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау болып табылады.

Перейти к новостям спорта