Қазақстандық кинематографистер Нью-Йорктің киноөнер академиясында бір айлық тәжірибеден өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық кинематографистер Нью-Йорктің киноөнер академиясында бір айлық тәжірибеден өтеді

Қазақстандық кинематографистер Нью-Йорктің киноөнер академиясында бір айлық тәжірибеден өтеді

«Қазақфильм» киностудиясы жас кинематографистер тобын Нью-Йорк киноөнер академиясына 4 апта бойы тәжірибе жинақтауға аттандырды, деп хабарлайды жұма күні киностудияның баспасөз қызметі.

  • 1 Сәуiр 2011
  • 523
Фото - Caravan.kz

«Оқу курстары Лос-Анджелесте әлемге танымал Universal Studios Hollywood студиясының базасында өтеді. Жастар кинофильм өндірісінің толық курсынан өтіп, режиссура мен продюссерлеу саласында тәжірибе жинақтайды», — делінген ақпаратта.

АҚШ-та біліктіліктерін арттыратын қазақстандық жас кинематографистердің арасында жарнама роликтерінің режиссеры Берік Өтепбергенов, «Рывок» кинофильмінің режиссеры Қанағат Мұстафин, «Обратная сторона» фильмінде ойнаған актер Санжар Мәдиев және «Сказ о розовом зайце» фильмінде ойнаған Максим Акбаров бар.

Ақпаратқа сәйкес, бұл «Қазақфильм» ұйымдастырып отырған алғашқы оқыту жобасы емес. «Киностудия2009 жылы алты адамды оқытқан», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Осындай алғашқы курстын түлектері «Сказ о розовом зайце» фильмінің режиссеры Фархат Шарипов, «Любовь в кредит» кинокомедиясының режиссеры Сәбит Әбдіхалықов, Егор Кончаловскийдің «Возвращение в А» фильмінің желілік продюсері Ернар Құрмашев және т.б. болды.

Нью-Йорктің киноөнер академияся 1992 жылы Роберт Де Ниро киноконцернінің жанынан құрылды. Әуесқойларға да кино туралы білім алуға мүмкіндік беретін білім берудің бірегей тұжырымдамасының арқасында бұл мектепке білім алу үшін бүкіл әлемнен, «жұлдызды отбасылармен» бірге келеді. Академияны Стивен Спилбергтің ұлы, Пирс Броснанның ұлы, режиссер Люк Бессонның қарындастары және т.б. тәмамдаған. Бүгінгі күні Нью-Йорк киноөнер академиясының бүкіл әлем бойынша, соның ішінде Лондон, Рим, Париж, Әбу-Даби қалаларында филиалдары бар.

Перейти к новостям спорта