Алматыда «Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу» атты оқу құралының тұсаукесер рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу» атты оқу құралының тұсаукесер рәсімі өтті

Алматыда «Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу» атты оқу құралының тұсаукесер рәсімі өтті

Бүгін Алматыда ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша әзірленген «Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу» атты оқу құралы мен «Орысша-қазақша ісқағаз үлгілері» электронды бағдарламасының тұсаукесері өтті.

  • 11 Сәуiр 2011
  • 1429
Фото - Caravan.kz

Аталған оқулықтың авторы филология ғылымының докторы, профессор Ләззат Дүйсембекова оқу құралы қазақ ресми іс-қағаздар тілін оқыту, зерттеу барысындағы ізденістерден туындаған ой-пікірлер мен жинақталған материалдар негізінде жазылғандығын алға тартады.

Ләззат Дүйсембекова оқулық тіл үйренушілердің екінші деңгейіне арналғандығын айтады. «Жалпы, 1999 жылдан бері ЖОО-да іс-қағаздарын қазақша жүргізу деген пән жүргізіліп жатыр. Сол кезде алғашқы оқу құралы шыққан болатын, дегенімен қолымызда теориялық және тәжірибелік құралдар болмағандықтан ол кітаптың кемшін тұстары болды. Ал осы кітапта тәжірибедегі ұсыныстар, оқытушылардың, тіл орталықтарындағы үйренушілердің және өзіміздің студенттердің ескертпелері ескеріліп, бірнеше жылдардағы еңбектің жемісі десем болады. Кітаптың басты ерекшелігі уақытты үнемдеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдету, студентпен көп жұмыс істеуге мүмкіндік тудыру. Негізгі мақсат — ресми стилді, соның тілін және іс қағаздарының түрлерін жаздыруды меңгерту», -дейді автор.

Профессордың айтуынша, «Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу» атты оқу құралы мемлекеттік тілді үйрету курстарында, аудармашылардың, іс қағаздарын жүргізушілердің біліктілігін арттыру курстарына, жоғары және арнайы оқу орындарына негізделген.

Оқу құралындағы әр параграф іс қағаз түрі туралы түсіндірме мәтіннен, үлгіден, 15 тапсырмадан және тақырыпқа қатысты 20 сұрақтан құралған тесттен тұрады. Сонымен қатар өз бетімен оқуға арналған тапсырмалар, реферат жазу үшін дайындалған материалдар мен іс қағаздарын жүргізушіге қажетті тақырыптық сөздіктер берілген.

Шараға Алматы қаласы жоғары және арнайы орта оқу орны тіл кафедраларының оқытушылары, тіл орталықтарының қызметкерлері, іс қағаздарын жүргізу және аударма мәселелерімен айналысатын мамандар қатысты.

Перейти к новостям спорта