М. Лермонтов театры «Фудзияманың шыңына шығу» қойылымын Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
М. Лермонтов театры «Фудзияманың шыңына шығу» қойылымын Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнады

М. Лермонтов театры «Фудзияманың шыңына шығу» қойылымын Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнады

Алматыдағы М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Фудзияманың шыңына шығу» атты қойылымын ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнады. Жаңа қойылым Алматыда 10-шы сәуір күні өтті.

  • 11 Сәуiр 2011
  • 470
Фото - Caravan.kz

Сахналық өңдеу жұмыстары мен қойылымды ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рубен Андриасян жүзеге асырды. Ал, қоюшы-суретшісі ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты — Владимир Кужель. Музыкалық әрлеушісі — Александр Костромыкин.

Қойылымның сюжеті Ш.Айтматовтікі, ал пьесаны толықтырып жазып шыққан — Қ.Мұхамеджанов.

Спектакль өзінің салтанатты шеруін мәскеулік «Современник» театрінен 70-ші жылдары бастау алған. Ол тек Кеңес елдерінде ғана көрсетіліп қойылған жоқ, сонымен қатар, Вашингтон, Лондон, Токио қалаларында да қойылған. Бүгінде пьеса 30 жылдан аса әлем театрлары сахнасынан түспей келеді. Әр қойылым сайын достық, сатқындық, немқұрайлық тақырыптары әр түрлі қабылданып, әр түрлі түсінік қалыптастырып келеді. Себебі, әр ұрпақтың өз пікірі мен өз Фудзияма тауы бар.

Перейти к новостям спорта