Қазақстандық жас скрипкашы Шопеннің отандастарын өнеріне тәнті етті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жас скрипкашы Шопеннің отандастарын өнеріне тәнті етті

Қазақстандық жас скрипкашы Шопеннің отандастарын өнеріне тәнті етті

9 сәуірде Польшада Қазақстан Елшілігінің қолдауымен қазақстандық жас скрипкашы - Г. Венявский және Д. Ойстрах атындағы халықаралық конкурстардың лауреаты Шернияз Мұсаханның концерті болды, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.

  • 11 Сәуiр 2011
  • 531
Фото - Caravan.kz

Шернияз еуропалық танымал музыкант, маэстро Рубен Сильва дирижерлік еткен Варминский-Мазурский симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетті.

Концерт үлкен табыспен өтті. Көрермендер Шернияздың өнерін ыстық ықыласпен қабылдады. Жас скрипкашы Петр Чайковскийдің «Фа-минор» төртінші симфониясын, Антонин Дворжактың «Карнавал» концерттік увертюрасын, Алексанлр Глазуновтың скрипка мен оркестрге арналған концертін орындады.

Көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты болып табылатын Шернияз қазір Владимир Спиваков атындағы қордың стипендиаты және П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының жанындағы Орталық музыкалық мектептің шәкірті.

Перейти к новостям спорта