«Алдараспан» әзіл-сықақ театры Елорда тұрғындарына жаңа көрсетілімдерін тарту етті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алдараспан» әзіл-сықақ театры Елорда тұрғындарына жаңа көрсетілімдерін тарту етті

«Алдараспан» әзіл-сықақ театры Елорда тұрғындарына жаңа көрсетілімдерін тарту етті

Кеше Астанадағы «Конгресс -Холл» сарайында «Алдараспан» әзіл-сықақ театры Елорда тұрғындарына жаңа көрсетілімдерін тарту етті.

  • 11 Сәуiр 2011
  • 5076
Фото - Caravan.kz

Танымал әртіс Нұржан Төлендиев жетекшілік ететін ұжым Астанаға жаңа бағдарламасымен келді. Көрермендерге ұсынған интермедиялардың ішінде ғаламтор арқылы танысып, адамдардың сеніміне кіріп алып, ақша алып кететін қулардың тірлігі суреттелді. Бұл көрсетілім арқылы алаяқтық жасайтындардан сақтаныңдар деген ойды жеткізді.

Осы театрдың ішінен құрылған «Ай-Хай» тобы әннен шашу шашты. Нұржан Төлендиевтің ұлы Рауан Нұржанұлы Темірхан бірінші рет сахнаға шығып, ән айтып берді.

Өнер сүйер қауым қазақтың әзіл-қалжыңдарын орынды келтіріп, тұрмыстағы келеңсіздіктерді әжуа еткен театр ұжымына ризашылық білдіріп, қошемет көрсетті.

Перейти к новостям спорта