Қазақстандық аниматорлар «Байқоңыр» мультфильмін ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық аниматорлар «Байқоңыр» мультфильмін ұсынады

Қазақстандық аниматорлар «Байқоңыр» мультфильмін ұсынады

Қазақфильмнің» AR-produсtion студиясының аниматорлары «Байқоңыр» мультфильмін түсіріп отыр.

  • 12 Сәуiр 2011
  • 622
Фото - Caravan.kz

Биыл — адамзаттың ғарышты игеруге жасаған алғашқы қадамына 50 жыл толады. Ғарышқа алғаш сапар жасағандардың қатарында адамзаттың адал достары — иттердің де болғанын бәріміз білеміз. Ғарышты игеру жылдары, атақты Белка мен Стрелкаға дейін, кеңес ғалымдары оншақты итпен тәжірибе жүргізген және олардың бәрі қаза тапқан, бұл тарихи факті.

Мультфильмнің сюжетін өрбітер болсақ, кешкі серуен кезінде ғарышкер-ит кенеттен айлақ қызметкерінің қолынан шығып кетіп, далаға қашады. Жоғалған иттің орнына адамдар ғарышқа айлаққа жақын жерде тұратын шопанның итін аттандырады.

«Басты шығармашылық идея — әдемі сюжетті, бейнелі көріністі фильм түсіру болды. Біз бұл мақсатымызға жеттік. Бұл күндері бүкіл ел Гагариннің ғарыш сапарының 50 жылдығын атап өтуде. Дегенмен адамдар ғарышқа адамдармен бірге, иттердің де жол салғанын білуі тиіс», — дейді Қазақстанның аниматорлар қауымдастығының президенті, фильмнің тең авторы және қоюшы режиссері Ғали Мырзашев.

Мультфильм сценарийінің авторлары — Сәбит Құрманбеков, Ғали Мырзашев; қоюшы режиссері — Ғали Мырзашев, бас аниматор — Серік Шаймергенов.

Перейти к новостям спорта