Астанада «Үйлену тойлары. Мерекелер. 2011» көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Үйлену тойлары. Мерекелер. 2011» көрмесі ашылды

Астанада «Үйлену тойлары. Мерекелер. 2011» көрмесі ашылды

Астанада «Риксос» қонақ үйінде «Үйлену тойлары. Мерекелер. 2011» көрмесі ашылды.

  • 12 Сәуiр 2011
  • 1151
Фото - Caravan.kz

Көрмеге Италия, Испания, Америка, Түркия және басқа да елдердің брендтарын ұсынатын 60-тан астам компания қатысуда. 14 сәуірге дейін мұнда қалыңдықтың бетін әрлеп, шаш үлгілерін жасайтын шеберлердің сабақтарын тамашалауға, тойға және кешке арналған көйлектердің аукционына қатысуға сондай-ақ, той кортеждеріне, қалыңдықтың гүлшоқтарына, фотосуретшілер мен бейне операторларға тапсырыс беруге болады. Көрме барысында сонымен бірге, жастарға арнап би сабақтары өткізіліп, банкеттік залдар мен автокөліктерді безендіру үлгілері, мерекелерді өткізудің жаңа сценарийлері ұсынылады. АХАЖ қызметкерлері неке келісімшартын дұрыс ресімдеу бойынша кеңестер берсе, Астананың той салондары ең әдемі көйлектердің дефилесін өткізеді. Ал әшекейлерді ұнататын қыз-келіншектер үшін зергерлік бұйымдардың мол таңдауы ұсынылған.

Жобаның жетекшісі Светлана Махатованың айтуынша, мұндай көрме екінші рет өткізіліп отыр. «Тұтынушы ретінде қандай да бір мерекені ұйымдастыру қиынға түседі. Барлық той салондарын, ұйымдастыру компанияларын аралап шығуға тура келеді. Оған көп уақытың және күшің кетеді. Ал көрмеде барлығын бір жерден табуға болады», — дейді ол.

Оның пікірінше, Қазақстанда тойларды ұйымдастыру компанияларының деңгейі бара-бара артып келеді. «Дамыған деп айта алмасам да, айтарлықтай салмақты. Астанада ондай 60-қа жуық компания бар. Солардың тек 10-ының деңгейі жоғары деп айта аламын және олар бүгін көрмеге қатысып отыр», — деп атап өтті С.Махатова.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта көрмені жылына екі рет ұйымдастыруды көздеп отыр. Егер көктемде киімдер мен әшекейлердің жаңа үлгісі ұсынылатын болса, күзде ескі топтамалардың жаппай сатылымы өткізіледі.

Перейти к новостям спорта