Елордада адамзат баласының ғарышқа алғашқы сапарын бейнелейтін бірегей көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада адамзат баласының ғарышқа алғашқы сапарын бейнелейтін бірегей көрме ашылды

Елордада адамзат баласының ғарышқа алғашқы сапарын бейнелейтін бірегей көрме ашылды

Бүгін елордадағы «Бәйтерек» монументінде адамзат баласының ғарышқа алғашқы сапарын бейнелейтін 60 бірегей мұрағаттық суреттерден тұратын «Ол «Кеттік», - деді» атты фотокөрме ашылды.

  • 12 Сәуiр 2011
  • 500
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, көрмеге қойылған суреттердің басым бөлігі «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігінің мұрағатынан алынған, әрі бұған дейін еш жерде жарияланбаған.

Танымал ресейлік және кеңестік фотографтардың көрмеге қойылған туындылары келушілерге ғарыш кеңістігін бағындырудың түрлі кезеңдерінен, Жердің алғашқы жасанды серігін ұшырудан бастап, Ю.Гагариннің ғарышқа ұшу, Халықаралық ғарыш стансысы мен «Байқоңыр» ғарыш айлағының заманауи ұшыру алаңдары турасында сыр шертеді. Сондай-ақ елордалықтар мен қала қонақтары алғашқы ғарышкер Юрий Гагариннің бірегей суреттерін де тамашалуға мүмкіндік алады.

Ашылу рәсімінде сөз алған Қазақстандағы РФ Елшілігінің елші-кеңесшісі Сергей Тарасенко көрменің тұңғыш ғарышкер Ю.Гагаринге арналғанын айта келе: «Ол қысқа ғана өмір сүрді. Бірақ оның өмірінің жарқын болғаны соншалық, бірнеше буын ұрпағының сүйіспеншілігіне бөленді», — деді.

Перейти к новостям спорта