Павлодарлық жас әншілер халықаралық фестиваль-конкурстың жеңімпазы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық жас әншілер халықаралық фестиваль-конкурстың жеңімпазы атанды

Павлодарлық жас әншілер халықаралық фестиваль-конкурстың жеңімпазы атанды

Павлодарлық Малика Қазмағамбетова мен Нұрлан Мұқаштың вокалдық жұбы балалар әндерінің «Улыбка мира» VIII халықаралық фестиваль-конкурсында бірінші орын алды,

  • 13 Сәуiр 2011
  • 592
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады облыстық білім басқармасынан.

Жас әншілер дарында балаларға арналған Павлодар музыкалық мектеп-интернатында оқиды, оқытушы Вера Бородихинадан тәлім алады.

Мәскеу облысының Одинцово қаласында 7-10 сәуір аралығында өткен балалар мерекесіне Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Өзбекстан, Болгария, Эстония, Румыния, АҚШ және Дания елдерінен 2100 жас дарын келген.

Халықаралық байқаудың негізгі мақсаты — балалар шығармашылығын дамыту, жас дарындарды қолдау, олардың музыкаға деген талаптарын ынталандыру, вокал саласындағы балалар проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару, -дейді қазылар алқасының төрағасы, Ресей халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор Евгений Крылатов.

Фестиваль жеңімпаздары халықаралық фестивальдер мен конкурстарға, концерттік шоу-бағдарламаларға және музыкалық жинақтарды жазуға қатысатын болады.

Перейти к новостям спорта