Аңсар Бердіғалиев жетекшілік ететін ансамбль құрамына аталмыш университетте оқитын 15 жас өнерпаз іріктелініп алынған. Аңсар — белгілі айтыскер ақын әрі әнші Қатимолла Бердіғалиевтің ұлы.
Репертуарды студенттердің өздері таңдаса, университет басшылығы киім мен музыка аспаптарынан көмек көрсеткен.
Беташар концертте ансамбль қазақтың халық әндері мен күйлерімен қатар классикалық шығармаларды да орындай білді.