Павлодарда «Погонды қыздар» конкурсы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда «Погонды қыздар» конкурсы өтті

Павлодарда «Погонды қыздар» конкурсы өтті

Павлодарда ішкі саясат бөлімінің және «Біз - Еуразия балаларымыз» қоғамдық жастар ұйымының ұйымдастыруымен «Погонды қыздар» конкурсы өтті,

  • 15 Сәуiр 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Жанна Біләлова.

Алғаш рет өткізіліп отырған бұл байқауға әскери шендері бар және кедендік бақылау департаментінде, қылмыстық-атқару жүйесінде, полицияда және ІІМ әскери бөлімінде қызмет ететін сегіз бойжеткен қатысты.

Үш кезеңнен тұрған конкурста олар өз кәсіптері туралы әңгімелеп берді, формаларын сахна киіміне аустырып, ән шырқады, би биледі. Салтанатқа киетін көйлектер киіп, сахнамен жүріп өткен олар қызметтестерін таң қалдырды.

«Погонды қыздар» конкурсының бас жүлдесін полиция капитаны Гүлзана Қамзина жеңіп алды. Қазылар алқасы оның Қазақстан тарихы, ұлттық салт-дәстүрі және әдебиеті туралы біліміне, ән шырқаған тамаша дауысына тәнті болды. Жүлделі орындар: қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ақпарат қызметінің қызметкері Анастасия Кучерукқа, ІІМ Ішкі әскері әскери бөлімінің кеңсе хатшысы Айсұлу Баязбаеваға, Ішкі істер департаментінің ревизоры, полиция капитаны Анара Тоқжігітоваға берілді.

Перейти к новостям спорта