Алматыда «Ұлы күйші - Дина» атты мерекелік шара өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Ұлы күйші - Дина» атты мерекелік шара өтті

Алматыда «Ұлы күйші - Дина» атты мерекелік шара өтті

Бүгін ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында халықтың күйші-сазгері, қазақ мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, ұлы домбырашы Дина Нұрпейісованың 150 жылдығына арнап «Ұлы күйші -Дина» атты мерекелік шара өтті.

  • 15 Сәуiр 2011
  • 736
Фото - Caravan.kz

Шарада К.Байсейітова атындағы музыка мектебінің оқушылары, А.Жұбанов атындағы музыка мектебінің шәкірттері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлектері Д.Нұрпейісованың күйлерін орындады. А.В.Селезнев атындағы хореографиялық училищенің жас өнерпаздары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, Айгүл Үлкенбаева да мерекеге қатысып күй шертті.

Оған қосымша мұражай қорындағы Д.Нұрпейісованың фотосуреттері және ұлы домбырашының өмірі мен өнері жайлы сыр шертетін кітаптар қойылған көрме ашылды.

Мерекелік шараға мәдениет және өнер қайраткерлері, сонымен қатар қала жұртшылығы қатысты.

«Бүгін жалпы қазақ халқы үшін үлкен есте қалатын күн. Дина шешеміздің көрмесі ашылып халыққа ұсынылып жатыр. Біздер Еуропадағыдай үлкен зәулім үйлер салған жоқпыз. Біздер әлем таң қалатындай құрылыстар жүргізген жоқпыз. Бірақ, соның есесіне біздің халқымыз әлемде теңдесі жоқ сөз өнерін қалыптастырып кетті. Жыр, ән-күй әлемін жасады. Мұндай байлық әлемде жоқ деп ойлаймын. Біздің ақын-жырау, сазгерлер жайлы неше түрлі пікірлер айтылып жатыр. Сол пікірлердің бірінде, Құрманғазы еуропалық білім алса, онда ол бүкіл әлемдік Шолпан жұлдыз болар еді делінген. Мен айтар ем, ол еуропалық білім алмай-ақ, Шолпан жұлдызы. Неге біз олармен теңесуіміз керек. Неге біз солардың дәрежесінде жұлдыз болуымыз керек. Біз үшін ол теңдессіз талант. Міне, сондай тұлғадан бата алған Дина апамыз да үлкен жұлдыз. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған шара да мені қуантып отыр. Мұндай дүниелер тек осы мұражай қабырғасында ғана емес, барлық мәдени орталықтарда жалғасады деп сенемін» — деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абдұлхамит Райымбергенов.

Перейти к новостям спорта