Алматыда Мұхит Мерәліұлының 170 жылдығына арналған ән кеші өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Мұхит Мерәліұлының 170 жылдығына арналған ән кеші өтеді

Алматыда Мұхит Мерәліұлының 170 жылдығына арналған ән кеші өтеді

Сәуірдің 27-сі күні Алматыдағы Қазақконцерт залында қазақтың көрнекті әнші-композиторы Мұхит Мерәліұлының 170 жылдығына арналған «Ән Мұхиты» атты дәстүрлі әндер кеші өтеді.

  • 18 Сәуiр 2011
  • 712
Фото - Caravan.kz

Шараны «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірігіп өткізеді. «Дәстүрлі музыканы сағынушыларды Мұхит әндерімен қауыштырып, оның мұраларын жас ұрпаққа насихаттауды мақсат тұтып отырмыз»,- дейді бұған дейін Біржан сал, Ақан сері шығармашылығынан ән кештерін ұйымдастырған «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің жетекшісі Арман Әубәкір.

Ән кешіне батыс өңірінен Қатимолла Бердіғалиев, Сағадат Рахметжанов сынды Мұхит әндерін насихаттаушы өнер саңлақтары арнайы шақырылған. Сонымен қатар кешке Жоламан Құжиманов, Сәуле Жанпейісова, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Қосанова, Еркін Шүкіманов, Ырысты Сүлейменова, Мархабат Мықтыбеков, Еркін Нұрханов, Ерлан Рысқали және тағы басқа да өнер жұлдыздары қатысады.

Перейти к новостям спорта