Астанада ұлттық театрлардың республикалық фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ұлттық театрлардың республикалық фестивалі өтеді

Астанада ұлттық театрлардың республикалық фестивалі өтеді

23-26 сәуір аралығында Астанада Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ұлттық театрлардың республикалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі сейсенбі күні.

  • 19 Сәуiр 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Фестивальдің мақсаты — еліміздің әр түрлі мәдениеті мен тілін сақтап қалу, мәдениетті өзара байыту, этносаралық төзімділікті нығайту мен Қазақстан халқының мәдениетаралық келісімін одан әрі дамыту болып табылады», — делінген министрліктің ақпаратында.

Фестивальға Қазақстан Ұлттар театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы мемлекеттік орыс драма театры, Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры, мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры, республикалық неміс драма театры және Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры қатысады.

Жеңімпаздарды келесі номинациялар бойынша анықтау жоспарланған: «Ең үздік спектакль», «Ең үздік режиссерлік шешім», «Қазақ драматургиясын табысты меңгергені үшін», «Ең үздік ұлттық авторлардың драматургиясы үшін», «Ең үздік әйел адам бейнесі үшін», «Ең үздік ер адам бейнесі үшін», «Ең үздік екінші пландағы әйел адам бейнесі үшін», «Ең үздік екінші пландағы ер адам бейнесі үшін», «Ең үздік дебют», «Көрермендер көзайымы».

Перейти к новостям спорта