Өскеменде «Киелi мұрамызға тағзым» акциясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде «Киелi мұрамызға тағзым» акциясы басталды

Өскеменде «Киелi мұрамызға тағзым» акциясы басталды

Бүгін Өскеменде «Киелi мұрамызға тағзым» республикалық акциясы басталды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Өскемен филиалы төрағасының орынбасары Ермұхан Дәменов хабарлады.

  • 19 Сәуiр 2011
  • 516
Фото - Caravan.kz

«Бұл шара жыл сайын өткізіледі. Оның мақсаты — Қазақстанда тұратын халықтардың тарихи-мәдени мұраларын кеңінен таныстыру, қазақстандық халықтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудың маңызды элементі ретінде тарих және мәдениет ескерткіштерін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады», дейді Е.Дәменов.

Акция аясындағы барлық іс-шаралар сәуір-қыркүйек айларының аралығында өтеді. Атап айтқанда, фотоконкурс, кітап көрмелерін өткізу, «Өлкеміздің аңыз-әңгімелері» диалог алаңдарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ал 1 қыркүйекте қаладағы барлық мектепте балалар «Менің Қазақстаным — менің болашағым» деген тақырыпта шығарма жазатын болады.

Перейти к новостям спорта