Жазушы-сценарист Сергей Лукьяненко «Жаңа барлаушы» атты кітапты жазу үстінде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жазушы-сценарист Сергей Лукьяненко «Жаңа барлаушы» атты кітапты жазу үстінде

Жазушы-сценарист Сергей Лукьяненко «Жаңа барлаушы» атты кітапты жазу үстінде

«Түнгі барлаушы» және «Күндізгі барлаушы» кітаптарының авторы ресейлік, яғни бұрынғы қазақстандық жазушы-сценарист Сергей Лукьяненко «Жаңа барлаушы» атты кітапты жазу үстінде.

  • 21 Сәуiр 2011
  • 459
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында ол Алматыдағы «Ұлы Жібек жолымен» атты кітап жәрмеңкесі барысында айтты.

Жазушы бір кездері «Барлаушы» кітаптарының авторы атанудан жалыққандығын да атап өтті. Сонымен қатар ол сериялық бұл туындылардың экранға шығуы өмірінде маңызды оқиғаға айналғандығын, сондықтан осы шығармаға ерекше мән беретіндігін жеткізді.

С.Лукьяненко сондай-ақ екі-үш жыл бұрын айтылып жүрген қазақстандық «Алтын жауынгер» жобасынан кетіп қалғандығын айтып өтті. «Бұл жобадан кету себебім сценарийдің түпнұсқасын аса көп рет қайта көшіруге тура келді», -дейді ол. Оның айтуынша, қазір бұл жоба тоқтауда, дегенмен сценеарист бастапқы идея бойынша түсірілімді қолға алатын болса онда бұл жұмысқа оралуға дайын екендігін айтты.

Сондай-ақ Алматыда туған жазушы жастық шағы өткен осы қалада өзін жақсы сезінетіндігін білдірді. «Мен Алматыда болмағаныма 6 жылдай болып қалды, қазір қаланың қатты өзгергеніне таңдана қараудамын. Жаңа ғимараттар мен көлік жол айырықтары бой көтерген», — деп атап өтті өз сөзінде жазушы.

Перейти к новостям спорта