Астанада италиялық хореографтың қойылымындағы «Сильфида» балетінің премьерасы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада италиялық хореографтың қойылымындағы «Сильфида» балетінің премьерасы өтеді

Астанада италиялық хореографтың қойылымындағы «Сильфида» балетінің премьерасы өтеді

Астанада 5 және 6 мамыр күндері К. Бәйсейітова ат. ұлттық опера және балет театрының сахнасында италиялық хореограф, Римби академиясының ректоры Маргериты Паррилланың қойылымындағы Август Бурнонвильдің «Сильфида» романтикалық балетінің премьерасы өтеді.

  • 29 Сәуiр 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz

ҚР мәдениет министрлігінің ақпаратына сәйкес, белгілі балеттің қойылымын итальяндық өнер тобы жүзеге асырады, оның құрамындағы балетмейстердің ассистенті – Массимилиано Скардакки, қоюшы суретші – Ева Коен және т.б.

Атақты даниялық биші әрі балетмейстер Август Бурнонвиль әлемдік хореография тарихында балет саласының қайраткері ретінде жазушыларға табыс етілетін әдебиет саласының ең беделді сыйлықтың жалғыз иегері болып саналады. Ол өзі дүниеге әкелген «Сильфида» балетіне Данияның жас композиторы Херман Левенсхольдқа музыка жазуға тапсырма береді. Сөйтіп романтикалық сарындағы махаббат жайлы сыр шертетін балет дүниеге келеді.

Перейти к новостям спорта