«Бұл жолы біздің елдің ең танымал джаз-фестивалі қазақстандық тыңдармандарды және Жапонияның үздік музыканттарын біріктірмек, ондағы мақсат, жапон халқына қатты жер сілкінісі мен цунами салдарын жеңіп шығуға көмектесу».
«Фестивальден түскен бүкіл қаржы зардап шеккендерге көмек ретінде аударылмақ», делінген фестивальді ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.
6 мамырда қазақстандық сахнада жапондық музыканттар — Токиолық джаз жобасы Quasimode, Soil&Pimp Sessions және Root Soul концерт бермек.
Jazzystan халықаралық фестивалі Алматыда 2009 жылдан бері өткізілуде.