Ташкентте өткізілген халықаралық ақындар айтысында астаналық А.Тұрсынбаева жеңімпаз атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкентте өткізілген халықаралық ақындар айтысында астаналық А.Тұрсынбаева жеңімпаз атанды

Ташкентте өткізілген халықаралық ақындар айтысында астаналық А.Тұрсынбаева жеңімпаз атанды

Өзбекстан астанасында халықаралық ақындар айтысы болып өтті.

  • 10 Мамыр 2011
  • 602
Фото - Caravan.kz

Аталмыш байқау Өзбекстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына, Республикалық интернационалдық мәдени орталық пен Республикалық қазақ мәдени орталығының, сондай-ақ «Нұрлы жол» қазақ тілді газетінің 20 жылдық мерейтойына орайластырылды.

Ақындар сайысына Қазақстаннан 14 айтыскер, Өзбекстаннан үш ақын мен Моңғолиялық бір ақын қатысты.

Бір күн бойына ақындар өз шеберліктерін шыңдады. Байқау финалына қазақстандық ақындар Айнұр Тұрсынбаева мен Кәрима Оралова өтті. Қазылар алқасының бағалауы бойынша байқаудың бас жүлдесі — Өзбекстанда шығарылатын «Шевроле Спарк» автокөлігі Астанадан барған Айнұр Тұрсынбаеваға тиіп, бірінші орынды К.Оралова мен өзбекстандық ақын Құлмахан Дүйсенов бөлісті.