Қазақстандағы АҚШ елшісі «Қазақфильм» басшылығымен «Қазақстан киносының АҚШ-тағы күндері» шарасын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы АҚШ елшісі «Қазақфильм» басшылығымен «Қазақстан киносының АҚШ-тағы күндері» шарасын талқылады

Қазақстандағы АҚШ елшісі «Қазақфильм» басшылығымен «Қазақстан киносының АҚШ-тағы күндері» шарасын талқылады

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвей 12 мамырда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына барды, деп киностудия баспасөз қызметі жұма күні хабарлады.

  • 13 Мамыр 2011
  • 638
Фото - Caravan.kz

«Қазақфильм» президенті Ермек Аманшаев елшіні киностудияның цифрлық кешені арқылы, сондай-ақ «Мың бала» фильмін түсіруге дайындық жүріп жатқан павильондармен алып жүрді.

Хабарда айтылғандай, «Территория кино» клубында жалғасқан кездесу барысында Нью-Йорк киномектебімен кино білімі, кино шығару саласында және «Қазақстан киносының АҚШ-тағы күндері» шарасын өткізуде ынтымақтасу мүмкіндігі талқыланды.

Е. Аманшаев американдық елшіге киностудия соңғы екі жылда түсірген фильмдері жайлы буклет пен дискі табыс етті. Өз кезегінде Дж. Ордвей қызықты экскурсия үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның киноөндірісі соңғы бірнеше жылда айтарлықтай жанданғанын атап өтті.

«Мен қазақтың жаңа фильмдерін өткізіп алмауға тырысамын», — деді Дж. Ордвей.

Перейти к новостям спорта