Көрмені Франчайзинг одағы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастырып отыр.
Бұл шара Қазақстанда Ұлттық франчайзингті дамыту орталығының ашылуына орайластырылған. Көрменің басты мақсаты — кәсіпкерлікті қолдау және франчайзинг көмегімен, яғни Қазақстанның барлық өңірлеріндегі кәсіпкерлер мен кәсіп құруға ынталы тұрғындар үшін кәсіп құру және оны тиімді жүргізудің тәсілі ретінде оның дамуын қамтамасыз ету.
Көрмеде шет елдік және қазақстандық компаниялардың 50-ден астам бренд-франшизалары ұсынылады. Қатысушылар (600-ден астам) арасында — Қазақстанның барлық өңірлерінен келген инвестор-кәсіпкерлер, сондай-ақ үкіметтік және халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес сектор (ҮЕҰ) өкілдері бар.
Көрме аясында «Brand & Franchising» атты халықаралық конференция, тақырыптық семинарлар мен «Франчайзинг уақыты 2011» байқауының жеңімпаздары жарияланатын болады. Сондай-ақ көрме барысында «Қазақстандағы франчайзинг» атты деректі фильмнің түсірілімі өтеді.