17 мамырда Сәуле Жанпейісованың «Сәуле - сарын» деп аталатын ән кеші - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
17 мамырда Сәуле Жанпейісованың «Сәуле - сарын» деп аталатын ән кеші

17 мамырда Сәуле Жанпейісованың «Сәуле - сарын» деп аталатын ән кеші

17 мамыр күні Алматыдағы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісованың «Сәуле-сарын» деп аталатын ән кеші өтеді.

  • 16 Мамыр 2011
  • 1151
Фото - Caravan.kz

Оған «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Ақсарай» мюзикл театрының артистері және Роза Аманова, Эльмира Жаңабергенова, Айгүл Қосанова, Қарақат Әбілдина, Айгүл Елшібаева, Өмірқұл Айниязов сияқты дәстүрлі ән өнерінің шеберлері қатысады. Бұл шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр.

Сәуле Жанпейісова 1966 жылы 14 тамызда Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Калинин атындағы кеңшарда дүниеге келген. Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын, Қазақ ұлттық университетін және Алматы консерваториясын тәмамдап, еңбек жолын 1987-90 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданында мұғалім болып бастады. Өнер әлемінде 1985 жылы «Жігер» фестивалінде, 1988 жылы Әміре Қашаубаев және 1991 жыл Мұхит Мерәліұлы атындағы байқауларда жүлдегері болып, «Дарын» сыйлығының иегері атанды. Ресей, Нидерланды, Бельгия, Германия, Иран, Түркия, Моңғолия сияқты көптеген елдерде гастрольдік сапарларда болып, қазақтың дәстүрлі ән өнерін насихаттап келеді.

Перейти к новостям спорта