Астаналық «Атамекен» мұрайжай күніне орай түнгі уақытта қызмет істемек - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық «Атамекен» мұрайжай күніне орай түнгі уақытта қызмет істемек

Астаналық «Атамекен» мұрайжай күніне орай түнгі уақытта қызмет істемек

Бүгін - халықаралық мұражай күні. Осы мерекеге орай «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені «Атамекендегі жұлдызды түн» акциясын өткізу жөнінде бастама көтерген болатын.

  • 18 Мамыр 2011
  • 596
Фото - Caravan.kz

Соның аясында Астаналық «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені мұражай күніне орай 18 күнгі сағат 10.00-ден 19 күнгі сағат 10.00-ге дейінгі аралықта, яғни түнгі уақытта да қызмет істемек.

Айта кетелік, мұражайды түнде тамашалау тәжірибесі 1997 жылы Германиядан бастау алған болатын. «Мұражайдағы жұлдызды түн» халықаралық акциясына «Атамекен» Қазақстан картасы» этнокешені 2009 жылы қосылды.

«Атамекен — Қазақстан картасы» кешенінің директоры Үмітхан Мұңалбаеваның айтуынша, «Мұражайдағы жұлдызды түн» акциясы 172 елдің тәжірибесіне енген және жиі өткізіліп тұрады.

«Осындай мәдени сипаттағы тиімді тәжірибені жүзеге асырудағы мақсат — мұражайды тек ғылыми және мәдени-танымдық орталық ретінде ғана емес, сондай-ақ халықтың, соның ішінде жастардың демалысын қызықты өткізуге мүмкіндік беретін, эстетикалық талғам қалыптастыратын ерекше орын ретінде насихаттау», — деді Үмітхан Мұңалбаева.

Перейти к новостям спорта