Астанада гендерлік тақырыбындағы балалардың сурет көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада гендерлік тақырыбындағы балалардың сурет көрмесі ашылды

Астанада гендерлік тақырыбындағы балалардың сурет көрмесі ашылды

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында Еуропалық Комиссияның ұйымдастыруымен дүниежүзілік конкурстың аясында гендерлік тақырыбындағы балалардың сурет көрмесі ашылды.

  • 19 Мамыр 2011
  • 820
Фото - Caravan.kz

Балалар арасындағы бұндай байқау әлемдік деңгейде 5 жыл қатарынан өткізіліп келеді және оның негізгі мақсаты — әлем балаларына гендерлік теңдік мәселесі жөнінде өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік жасау.

Биылғы байқауға еліміздің барлық аймақтарынан 8-10 жас аралығындағы мектеп оқушылары өз жұмыстарын ұсынған. Бүгінгі көрмеге 250-ге жуық сурет туындылары қойылған.

Айта кетелік, Қостанай облысы, Жетіқара қаласынан шыққан дарынды отандасымыз Темірлан Қарғұлов 2009 жылы осы дүниежүзілік байқаудың жеңімпазы атанған болатын.

Еуропалық комиссия өкілдігінің басшысы Норбер Жустеннің сөзіне сәйкес, бүгін балалардың ашық дауыс беруі нәтижесінде ең үздік деп танылған 10 шығарма іріктеліп, таңдаулы туындылар әлемдік байқау финалына қатысу үшін Брюссельге жіберіледі. Еуропалық оқушылардан құралған қазылар алқасы әлемнің әр аймағынан келген 2 шығармадан іріктеп, жеңімпазды анықтайтын болады.

Сондай-ақ Норбер Жустен қазақстандықтардың байқауға қатысу белсенділігінің жоғары екендігін айтты. Оның пікірінше, көрмеге қойылған суреттер тақырыпты ашу тереңдігі мен орындалу техникасы тұрғысынан таңғалдырады, әсіресе, балалардың шығармашылық шеберлігі мен ұшқыр қиялы суреттерден айқын көрініс береді.

«Гендерлік теңдік мәселесі Қазақстанда жолға қойылған. Әсіресе, білім беру саласында оны айқын аңғаруға болады. Әйел заты үшін білім алу мәселесінде толыққанды еркіндік бар. Ал енді атқарушы билік деңгейінде қарастырсақ, әлі де жетілдіретін жерлер жоқ емес, дегенмен өзге мемлекеттермен салыстырғанда елдегі гендерлік теңдік жағдайы жақсы», — деп пікір қосты Қазақстандағы гендерлік теңдік мәселесіне қатысты Норбер Жустен журналистерге берген сұхбаты барысында.

Перейти к новостям спорта