Мұндай шара осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жылғы шара нәтижесінде 127 мың теңге қаржылай көмек жиналған болатын. Кеште ауыр дертке шалдыққан балалардың жағдайы айтылып, қайырымды жандар материалдық көмек болмаса да, қан тапсырып, не бос уақыттарында келіп, жүрек жылуын сездірсе деген тілек айтылды. Әсіресе, бүлдіршіндер өмірінен көрсетілген слайдтар көзге жас алдырды.
«Бәйтерек» қорының директоры Меруерт Санкаеваның айтуынша, бұл шараның мақсаты — мүгедек балаларға көмек көрсету. Мәселен, Орал қаласында 100 мыңдай ересек тұрғын болса, сол адамдар күніне 100 теңгеден бөлсе, 10 млн. теңге құралмақ. Бұл ақшамен бір емес, бірнеше сәбидің өмірін сақтауға болады.
Кеш соңында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасап, оларға жәрдем беріп жүрген жандар «Қамқор жүрек» дипломымен марапатталды.