Батысқазақстандық тележурналист М.Балмолданың «Ақ тұлпар» атты жыр жинағы жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық тележурналист М.Балмолданың «Ақ тұлпар» атты жыр жинағы жарық көрді

Батысқазақстандық тележурналист М.Балмолданың «Ақ тұлпар» атты жыр жинағы жарық көрді

Батысқазақстандық тележурналист Мұнайдар Балмолданың «Ақ тұлпар» атты жыр жинағы жарық көрді.

  • 24 Мамыр 2011
  • 702
Фото - Caravan.kz

Бұл — оның екінші кітабы. Өлеңмен қатар әңгімелер де жазатын қаламгердің бұдан бұрын «Көкбөрі» атты жинағы оқырмандарға жол тартқан болатын.

Жаңа жинақтың таныстырылымы М.Балмолданың өзі білім алған М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ұйымдастырылды. Университет проректоры, тарих ғылымдарының докторы Әбілсейіт Мұқтар, әдебиетші-ғалымдар Зейнолла Мүтитегі, Серікқали Шарабасов және басқалар автордың шығармашылығы туралы жылы лебіздерін білдірді.

Ақ Жайықтың тарихи тұлғалары хақында қалам тербеп жүрген журналист, бірнеше деректі және балаларға арналған «Қағаз ұшақ» көркем фильмінің сценариін жазған Мұнайдар Балмолда алдағы уақытта да жаңа туындыларын ұсынбақшы

Перейти к новостям спорта