«Институт ғалымдары тәуелсіздік жылдары Қазақ тарихының 5 томдығын шығарды. Бұл кеңестік жылдары шыққан 5 томдықтың байытылған жаңаша нұсқасы. Әрине, онда да кемшіліктер бар. Оны көріп отырмыз, алдағы уақытты бұл олқылықтарды жоямыз деп ойлаймыз», — дейді Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов. Оның айтуынша, Қазақ тарихына 5 том жеткіліксіз. Алдағы уақытта 10 томдығы шықпақ. Әр том 2 кітаптан тұрады деп жоспарлануда. Оны қазір ғалымдар талқылап, өз ой-пайымдарын білдіруде.
«Қазақ тарихы тек Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты қызметкерлерінің күшімен жазылмайды. Оған барлық білікті мамандар тартылады. Тарихтың ақтаңдақ беттерін жазуға жастар да белсенді түрде атсалысуы керек. Ол үшін ғылыми атақ емес, ізденіс қажет. Қазір ғалымның үлесі ғылыми монографиямен ғана өлшенбейді», — дейді тарих ғылымының докторы , профессор Хайдар Махмұтұлы.