Астанада «Жас қанат» жас орындаушылардың XX байқауының жеребе тастау рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Жас қанат» жас орындаушылардың XX байқауының жеребе тастау рәсімі өтті

Астанада «Жас қанат» жас орындаушылардың XX байқауының жеребе тастау рәсімі өтті

Бүгін Астанада «Думан» ойын-сауық кешенінде «Жас қанат» байқауына қатысушы үміткерлер арасында жеребе тастау рәсімі жасалды.

  • 25 Мамыр 2011
  • 573
Фото - Caravan.kz

Жас орындаушылардың осымен жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отырған байқауы елордамызда 27-29 мамыр аралығында өтпек.

«Биылғы байқау ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр, сондықтан да фестиваль қатысушылар үшін де, көрермен үшін де ерекше болмақ», — деді Астана қаласы мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов өз сөзінде. Болат Мажағұловтың айтып өткеніндей, биылғы байқауға қатысуға Қазақстанның барлық аймақтарынан 150 астам жас әнші ниет танытқан. Солардың арасынан 15 үміткер іріктеліп алынды.

Сонымен қатар басқарма басшысы үміткерлерді іріктеу барысында ұлттық нақыштағы орындау мәнеріне айрықша назар аударылғандығын айтты. Болат Мажағұловтың айтуынша, биылғы фестиваль әдеттегідей Конгрес-холлда емес, Бейбітшілік пен келісім сарайында өтпек.

Перейти к новостям спорта